Алтай Көлгінов: Қоғаммен байланысты жүйелі жүргізуді бастаймыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдері өз салалары бойынша тұрақты түрде баспасөз мәслихатын өткізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халықпен кері байланысты күшейіп, ашықтықты қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қоғаммен байланыста жүйелі жұмыс жүргізуді бастайды», - деп жазды Нұр-Сұлтан қласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, бүгінде әкімдіктің бірінші қабатындағы баспасөз-орталығы қалпына келтірілді.

«Енді басқарма басшылары, аудан әкімдері, қала әкімінің орынбасарлары өздерінің саласы бойынша бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде баспасөз-конференция өткізіп тұрады.

Осы аптада жаңа оқу жылына дайындық, дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына әзірлік, жұмыспен қамту, тұрғын үй бағдарламалары бойынша брифингтер өтіп, мамандар журналистердің сұрағына жауап береді» - деді ол.

Сондай-ақ, шаһар басшысы аталған баспасөз шаралардың өту уақыты мен спикерлер туралы мәліметтер әкімдіктің баспасөз қызметі немесе ресми ақпарат көздері арқылы хабарланатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар