Алтай Көлгінов қала тұрғындарын қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың тамыз айында өткен Nur Otan Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы халықпен өзара іс-қимылды күшейтуді, атап айтқанда, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жандандыруды тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қоғаммен байланысты нығайтып, халыққа есеп беріңдер» деп тапсырма берді.

Осылайша, тұрғындар медициналық көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, қысқы кезеңде көмірмен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу және басқа да мәселелер бойынша өтініш білдірді.

Үш ай ішінде елорда әкімі 450-ден астам адамды қабылдады. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Жұмыс әр өтініш бойынша жүргізіледі, мысалы, өтініш білдіргендердің бір бөлігі мамандық алуға оқытудан өтеді, балабақшаларға жолдама алады, медициналық көмек алады, тұрғын үй алуға кезекте тұрады.

Соңғы жаңалықтар