+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Алтай Көлгінов: Газ баллоны жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі

2020 жылғы 21 қараша 15:10
Бөлісіңіз:
Алтай Көлгінов: Газ баллоны жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылуы салдарынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
1 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі Оралда ер адам биіктен құлап, мерт болды Ақмола облысының 70 жастағы тұрғыны ұлын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді

«Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін 24-51-71, 24-51-47 жедел желісі құрылды», - деді елорда әкімі.

Сонымен қатар, қала басшысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырғанын атап өтеді.

Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік .

Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан зардап шеккен 33 адамның аруханаларға жеткізілгені белгілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT