Алтай Көлгінов: Еңбек шиеленісі бар кәсіпорындар саны 259-дан 109-ға төмендеді

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдегі еңбек даулары бар кәсіпорындарыдң саны 259-дан 109-ға төмендеген. Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда 109 кәсіпорын меңбек даулары жөніндегі мониторингте тұр. Былтыр бұл сан 259 болған», - деді вице-Премьер.

Сондай-ақ, ол шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған шараларға тоқталды.

«Шағын және орта бизнес субьектілері жыл сайын 15 мың жаң ажұмыс орындарын құратын болады. Оған қоса «Бәйтерек» холдингі арқылы 42 мың және Еңбек министрлігі арқылы жастарға 6 мыңға жуық жеңілдетілген шағын несиелер берілуде. Тұтастай алғанда 300 млрд теңгеге 70 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік нысанына несие беріледі», - деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар