Алтай Көлгінов елорданың үздік құрылысшыларын марапаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада құрылысшылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел астанасының іргесін қалап, керегесін кеңейтіп келе жатқан құрылысшылар қауымын қала әкімі Алтай Көлгінов кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Қаламызда құрылысшы мамандарға деген сұраныс жылдан-жылға өсіп келеді. Құрылыстың қарқын алуы экономикамыздың дамуына өз үлесін қосып отыр. Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулетті құрылыстар, әсем ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлер құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында бой көтеруде. Қаланың сәнін келтіріп, айшықты етіп тұрған құрылыстардың барлығында құрылысшының қолтаңбасы бар. Өзіміз тұрып жатқан баспаналар, балаларымыз оқитын мектептер, ауруханалар мен басқа да нысандардың барлығы қысы-жазы еңбек ететін құрылысшы еңбегінің жемісі. Бірнеше жылдың ішінде Есілдің сол жағалауында әкімшілік, үкіметтік және іскерлік орталықтар пайда болса, оң жағалаудағы ескі үйлердің орнына заманауи көпқабатты тұрғын үй кешендері салынып келеді. 20 жылда қала аумағы 3 есеге, тұрғындар саны 4 есеге өсіп отыр», - деді ол.

Елорда әкімінің айтуынша, елдегі әрбір оныншы құрылысышы Нұр-Сұлтан қаласында еңбектеніп жатыр.

«Арыста қираған үйлерді қалпына келтіруге де біздің құрылысшылар білек сыбанып кірісті. Әлі де күн, түн демей еңбек етіп жатыр. Сол үшін біз алғыс білідреміз. Қазір елордада 65 мыңнан астам құрылысшы, яғни Қазақстандағы әрбір оныншы құрылысышы еңбек етуде. Жыл сайын олар 2 млн шаршы метрден астам баспананы қоданысқа береді. Былтыр еліміз бойынша қоданысқа берілген баспанының алтыдан бір бөлігі осы Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындарға табысталған. Тұрғын үй қоры 5,5 есеге, баспанамен қамту көлемі 2 есеге артқанына қарамастан, әлі де қолжетімді баспана жеткіліксіз болып тұр. Сондықтан, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел үшін қолжетімді баспана құрылысын арттыруды тапсырды. Бұл міндетті құрылысшылармен бірге атқарамыз», - деді Алтай Көлгінов.

Өз саласында үздік танылып, қажырлы еңбек еткен озық мамандар қала әкімінің қолынан марапаттар алды. Еңбегі еленген 23 құрылысшының төртеуі «Құрметті құрылысышы» төсбелгісін тағынса, қалғандары құрмет гарммоталарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар