+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Алтай Көлгінов елорданың басты мәселесін атады

2019 жылғы 8 қазан 11:57
Бөлісіңіз:
Алтай Көлгінов елорданың басты мәселесін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында халық санының тұрақты өсуі байқалады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан әуежайының коды 2020 жылғы қаңтарда өзгереді Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының коды өзгереді Елорданы дамыту туралы жиында Президент қандай тапсырмалар жүктеді

«Нұр-Сұлтан қаласын Еуразияның іскер, мәдени және ғылыми орталығы ете отырып, жастарды, кәсіпкерлер мен туристерді тарту біздің негізгі темірқазығымыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің сайлауалды бағдарламаңыз бен Қазақстан халқына Жолдауыңызда қойылған негізгі міндеттер елордамызды экономикалық және әлеуметтік бастамалар жүзеге асыруына мүмкіншілік ашып отыр. Негізгі басымдық қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, азаматтармен тиімді кері қатынас пен тығыз байланыс орнатуға берілуде», - деді елорда әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан қаланы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында халық санының тұрақты өсуі байқалады. Елорданы көшірген сәттен бастап халық саны 280 мыңнан 1 млн 100 мыңға адамға артты. Тұрғындардың дені 35 жасқа дейінгі азаматтарды құрайды.

«Халық санының қарқынды өсуі алдымызға бірқатар маңызды міндетті қойып отыр. Атап айтқанда - әлеуметтік инфрақұрылымға салмақ түсу, қаланың шетіндегі елді мекендерді дамыту, сапалы жұмыс орнына деген қажеттілк және басқалары. Тұрғын үй мәселесіне келсек, қолжетімді баспана басты мәселе болып отыр. Жүргізілген сауалнамаға қатысқан қала тұрғындарының тең жартысы баспананы негізгі мәселе деп атап өтті», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда үй кезегінде 47 600 адам тұр. Олардың көбі түрлі әлеуметтік топтарға жататындар.

«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, қолжетімді баспана құрылысын үш есеге дейін арттыруға дайындық жұмыстарын бастап кеттік. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, бюджет қаржысы есебінен 190 мың шаршы метр болатын 2400 пәтер тапсырылады. Ал келесі жылы жеткілікті қаражат қарастырылған жағдайда ауданы 550 мың шаршы метр болатын 7 мыңға жуық пәтер салуды көздеп отырмыз», - деді қала басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT