Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ең бастысы, қала тұрғындарына сапалы отандық азық-түлікті алу мүмкіндігін жасау. Ақмола облысының сиыр және құс етін, сүт және басқа да өнімдерді өндірушілерімен кездестім. Осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдадым», - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.



Осы орайда ол әрбір өндірушімен делдалсыз ынтымақтаса отырып, әкімшілік кедергілер жойылатынын жеткізді.

«Елорданың азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екені карантин кезінде білінді. Өнімді өндіріп қана қоймай, оны дұрыс сақтай білу де керек. Жеке инвесторлардың есебінен төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығының және көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Отандық өндірушілерді қолдау аса маңызды», - деді А. Көлгінов.











Соңғы жаңалықтар