Алтай Көлгінов елорданы газдандыру қалай жүріп жатқаны туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаланы газдандыру жұмысының қалай жүргізіліп жатқандығы туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірқатар елді мекендегі орамішілік газбен жабдықтау желілері құрылысының барысын тексеріп, тұрғындармен кездестім. Железнодорожный елді-мекенінде газбен жабдықтау тарату желілерінің 100, Промышленный- 80, Көктал 1 - 70 пайыз, Көктал 2-де екі көшеде өткізу қалды. Бұл жұмыстар Агрогородок, Юго-Восток елді-мекендерінде де жүргізіліп жатыр», - деді жазды қала басшысы.

Оның атап өтуінше, газ желілерін үйлерге жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Көктал-1/2, Железнодорожный, Промышленный, Агрогородок тұрғындары үшін (Тілендиев даңғылы – Көктал – т/ж жолы – Бөкеев көшесі шекарасында) үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды берудің тегін рәсімі басталды. Ол үшін болашақ 4/2 және Ж.Жабаев 12/2 көшесінде фронт-кеңселер ашылды.

«Аталған елді мекендер, оның ішінде Агрогородок пен Юго-Востоктың тұрғындарының қосып алуына мүмкіндік бар. Тұрғындар үшін тегін есептегіштер қарастырылған. Елорданы газдандырудың өзі үш кезеңнен тұрады. ЖЭО-1/2 күзде газға ауыстырылады. Кездесу барысында Көктал-2 және Агрогородок тұрғындары жарықтандыру, аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу, жол құрылысы және басқа да мәселелерді көтерді», - деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар