Алтай Көлгінов елордалық ЖЭО-лар газға қашан көшетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы Жылу электр орталықтары қашан газға ауыстырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газдандыру бойынша: барлық процедуралық жұмыс шешімін тапты. Кесте бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Іске қосу кешендері бойынша жұмыстардың қарқыны қызу», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі бүгін Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

А.Көлгінов ЖЭО-ларды газға көшіру жөнінде айтты.

«ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 газға ауыстырылады. Конкурс жарияланды. Көктемде жұмысты бастап кетеміз деп отырмыз. Биыл ЖЭО-2-дегі құрылғыларды қайта жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл өзгеріс сағатына жылу бойынша 180 гигакалория мен 120 гигаватт электр энергиясын беруге мүмкіндік береді», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар