+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Алтай Көлгінов елордалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды

2019 жылғы 11 желтоқсан 13:08
Бөлісіңіз:
Алтай Көлгінов елордалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Қазақстандағы Жеңіл атлетика федерациясының конференциясында Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қалалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметіне сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Бақыт Сұлтанов пен Сапархан Омаровқа бірлесіп жұмыс істеуді жүктеді ЫСЫРАПШЫЛДЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК - ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАНКТЕРДІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНСЫЗ ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов Қазақстанда 7 жабық жеңіл атлетика манежінің құрылысы жоспарланғанын, оның бірі 2020 жылы ел астанасында ашылуы керектігін айтты.

Астанада жеңіл атлетикамен тұрақты айналысатындар саны - 2 000 адам шамасында. Елордалық спортшылар осы жылы 9 алтын, 12 күміс және 17 қола медаль иеленген.

Астанада аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында федерация «Наурыз Марафон», «Astana Marathon», «Адалдық алаңы» қайырымдылық жүгірісі», танымал жаттықтырушы Қ.Қ.Жуанышевты еске алуға арналған республикалық турнир, «October Run Fest-2019» күзгі жүгірісі және басқа да шараларды ұйымдастырған.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов федерацияның сенім білдіргеніне алғыс айтып, жеңіл атлетикаға, оның инфрақұрылымына тиісті көңіл бөлінетінін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкім, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT