+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алтай Көлгінов елордадағы бизнестің жағдайы туралы айтты

2021 жылғы 15 қазан 13:28
Бөлісіңіз:
Алтай Көлгінов елордадағы бизнестің жағдайы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бизнесті қолдау қадамдары оңтайлы нәтиже берді. Бұл туралы елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорданың «Өндіріс» тұрғын алабында жаңа спорт кешені салынды Елордада 3,7 мыңнан астам оқушы Pfizer екпесін алды Абылай Мырзахметов «әлеуметтік желі сатушыларының» реестрін құруды ұсынды

«9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсімді көрсетіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласы іскерлік пен кәсіпкерлігі қалыптасқан, өзінің кірісі жыл сайын артып келе жатқан қалаға айналды. Осы орайда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, елорданың қарқынды дамуына байланысты. Салық төлемдері еселеп артты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке аударылған төлем 1,1 трлн теңгеден асты. Пандемия кезінде карантиндік шектеулерге байланысты тиісті қиындықтар болды. Әсіресе, шағын және орта бизнес саласында орын алды. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдау қадамдарына орай оңтайлы нәтиже болды», - деді А. Көлгінов.

Оның айтуынша, құрылыс индустриясында, өнеркәсіпте, әлеуметтік секторда өсім байқалды.

«Атап айтқанда, шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнім құрылымындағы үлесі қазіргі кезде 56,8 пайызды құрап отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш және осы деңгейде тоқтамауымыз керек», - деді қала әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT