Алтай Көлгінов елордада баспана салу қарқынын төмендетуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас шаһардың әкімі Алтай Көлгінов елордадағы тұрғын үй құрылысының қарқынын бәсеңдетуді ұсынды. Өйткені, құзырлы органдар оларды қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етіп үлгермей жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, жыл сайын қалада 3 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылады. Соңғы үш жылда 8 млн шаршы метрден баспана пайдалануға берілген.

«Жыл сайын 3 млн шаршы метр тұрғын үй - бұл өте үлкен қарқын. Мәселен, 2019 жылы 1 млн 700 мың шаршы метр, 2020 жылы - 3 млн, 2021 жылы – 3 млн 20 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Олардың барлығын инженерлік желілермен қамтамасыз ету қажет. Біз қарқынды бәсеңдетейік. Өйткені біз үлгермей жатырмыз. Әсіресе, жаңа құрылыс аудандары қарқынды дамуда», - деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, елорда әкімі астанада 10 жыл бойы салынып жатқан үшінші жылу электр станциясының қашан аяқталатынын мәлімдеді.



Соңғы жаңалықтар