Алтай Көлгінов «Астана-Арена» кешенінің жағдайы туралы пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Астана-Арена кешенінің жағдайы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана Арена» кешені проблемадан арылмай келеді. Біресе төбесінен су ағады, біресе жөндеу дұрыс болмайды. Экс-әкім ретінде сіздің ойыңыз қандай?», - деп сұрады БАҚ өкілі Үкімет отырысынан кейін.

Алтай Көлгіновтің пайымынша, нысанның қазіргі ахуалын толық зерттеу қажет.

«Астана Арена» кешені туралы айтсақ, оны үнемі күтіп ұстап отыру керек. Кез-келген нысанның жағдайы қалай күтіп ұсталғанына байланысты. Күтіп ұстауы жаман болса, әрине, жағдайы да нашар болады. «Астана Арена» - ірі жарыстар өтетін үлкен нысан. Оны әуелі зерттеу керек. Проблемалар болды, есіңізде шығар. Сондықтан тыңғылықты жұмыс істеп, оны жөндеу керек», - дейді вице-Премьер.


Соңғы жаңалықтар