Алтай қаласын қандала басты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазан айының жылы келуі жәндіктердің көбеюіне жайлы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Жәндіктерден мезі болған Алтай тұрғындары қандаланың көбейіп кеткенін айтып шағымдануда. Жәндіктер тұрғын үйлерді де басқан. Тіпті терезені қалқалаған тор да қандаланың үйге кіруіне кедергі болмай тұр.

Мамандардың айтуынша, бунақденелілердің көбеюіне күннің жылы әрі ылғалды болуы ықпал еткен.

Бұрынғы санэпидемстанция, жұқпалы ауру таратпайтын болғандықтан, қандаланы жоюмен айналысып отырған жоқ.

Жекелеген тұрғындар дезинфекция зертханасына жүгінуде.

Эпидемиологтардың айтуынша, тек үй ішіндегі қандаланы ғана улап өлтіруге болатын көрінеді.

Мамандар қандаланың тек өсімдікпен қоректенетінін, адам денсаулығына мүлде зияны жоқ екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар