+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Алтай ауданында 2 жасар сәби жоғалып кетті

2019 жылғы 18 тамыз 13:03
Бөлісіңіз:
Алтай ауданында 2 жасар сәби жоғалып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері мен еріктілер Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жоғалып кеткен 2 жасар сәбиді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мексикада белгісіз біреулер барда отырған бірнеше адамды атып кетті Конгода кит аулайтын кеме суға батып, 34 адам хабар-ошарсыз кетті Оралда қос автокөлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

«17 тамыз күні Алтай аудандық полиция бөлімінің 102 нөміріне Средигорное ауылының тұрғыны қоңырау шалып, 2017 жылы дүниеге келген ұлының ауладан шығып кеткенін және қазіргі уақытқа дейін қайда екендігі белгісіз екенін айтты. Ақпарат түскеннен кейін қажетті іздеу шаралары ұйымдастырылып, оған аудандық полиция бөлімі жеке құрамының 100 қызметкері, төтенше жағдайлар қызметінің 24 қызметкері және 300 ерікті жұмылдырылды», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратта.

Қазіргі уақытта Средигорное ауылының және жақын елді мекендердің аумағы тексеріліп жатыр. Іздеу шараларына 36 автокөлік және атты шолғыншылар да тартылған. Сәбиді іздеуге жұмылдырылған қызметтердің жұмысын үйлестіру үшін аталған өңірге ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Арман Баймурзин, ШҚО полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев және Алтай ауданының әкімі Нұржан Төсейітов арнайы барған.

Жоғалған сәби, 2017 жылы дүниеге келген Әлихан Талғатовтың бойы 80-90 см, шашы қара, қысқа. Үстіне балықтың суреті бар көк түсті футболка, көкшіл-сарғыш түсті шолақ шалбар киген. Сәбиге қатысты кез келген ақпаратты 102 нөмірі арқылы полиция органдарына хабарлау керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT