Алпысқа толмасаңыз кірмейсіз - қарағандылық кәсіпкер Бүркіттіде «Ақсақалдар клубын» ашып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағытына әсіресе спортшылар ерекше белсенділік танытып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осындай үлгілердің бірін - біздің жерлесіміз Геннадий Головкин паш етті. Ол өзі өскен Майқұдықта балалар алаңын ашып берді. Бұл туралы өздеріңіз білесіздер. Геннадийдің бастамасынан кейін демеушілер қырыққа жуық спорттық және балалар алаңын ашты», - дейді Қарағанды облысының әкімі.

Ерлан Қошановтың айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына каратэші Тимур Райымбеков те үн қосқан.

«Жалпы айта кетерім - бұл бағытта спортшылар басқалардан гөрі ерекше белсенділік танытып жатыр. Каратэден қазіргі әлем чемпионы Тимур Райымбеков балаларды спортқа тарту бағытында үлкен үлес қосып, балалардың аула клубын дамытып жатыр. Өткен жылы ол Қарағандыда шағын спорт кешенін ашты. Бүгінгі таңда ол спорт кешенінің танымалдылығы соншалық, ниет білдірушілер ол жерге сыймай қалды. Биыл ол тағы осындай үш алаң ашқалы отыр. Үш жыл өткеннен кейін біздің аула клубтарымыздың саны 15-ке жетеді», - дейді ол.

Ерлан Қошановтың айтуына қарағанда, Бүркітті ауылында Руслан Юн атты тағы бір кәсіпкер бір ғимарат тұрғызып, оны Ақсақалдар клубына тапсырған. Ғимаратты да Руслан Юн - «Ақсақалдар клубы» деп атаған. Оның ішінде ойын алаңы, монша, банкет залы бар. Бүркітті ауылындағы бар-жоғы мың адам үшін бұл клуб - кездесуге таптырмас орынға айналған көрінеді.

«Әдеттегі клубтарда «фейсбақылау» болса, ол клубта «эйджбақылау» бар. Демек, жасы алпысқа толмағандар ол клубқа кіре алмайды. Бұны ақсақалдардың өзі қатаң бақылайды», - дейді Ерлан Қошанов.

Соңғы жаңалықтар