+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Алмазбек Атамбаев Канттағы Ресей әуе базасынан Мәскеуге ұшып кетті

2019 жылғы 24 шілде 15:40
Бөлісіңіз:
Алмазбек Атамбаев Канттағы Ресей әуе базасынан Мәскеуге ұшып кетті

БІШКЕК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Канттағы Ресей әуе базасынан Мәскеуге ұшып кетті. Өзінің айтуынша, ол «достарымен кездеспек», деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстанның ҰҚК қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме таратты Қырғызстан ІІМ: Атамбаевтың елден шығуына тыйым сала алмаймыз

«Атамбаев бүгін Мәскеуге ұшып кетті» деп мәлімдеген Қырғызстанның бұрынғы президентінің штабының өкілі.

Атамбаевтың айтуынша, ол Мәскеуде «достарымен кездесіп», 25 шілде күні кешкісін Бішкекке оралмақ.

27 маусым күні Қырғыз Республикасының парламенті Атамбаевты экс-президент мәртебесінен және қол сұқпау құқығынан мақұрым еткен болатын. Яғни, оны енді қылмыстық жауапқа тартуға болады.

Айта кетейік, Атамбаев бес түрлі қылмысқа қатысы бар деген күдікке іліккен. Оны елдің Ішкі істер министрлігі үш рет куәгер ретінде жауап алуға шақырған, бірақ бұрынғы президент оның бірде-біріне жауап бермеген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Қырғызстан, Ресей,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT