Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алмаз Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды

2022 жылғы 27 маусым 11:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.

2005-2006 жылдары — «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы.

2006-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.

2014-2016 жылдары — «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болды.

2019-2022 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары