«Almaz Tourism» басшылығы қаржы полициясына жүгінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Almaz Tourism» басшылығы түріктің «Трэк Тревел» компаниясымен болған түсініспеушілікті анықтауға қаржы полициясы мен прокуратураға жүгінді. Бұл туралы «Almaz Tourism» ЖШС директоры Айнұр Бәкібаева мәлім етті.

«Біз Антальядағы қонақ үй ақысын төледік десек, олар төленбеді деп отыр. Сол үшін заңды белшесінен басып, біздің туристерден қосымша ақы алуда. Сонымен қатар, бізден де төлеуімізді талап етіп отыр. Мен олардың әрекетін заңсыз деп бағалаймын. Біз олардың алдында қарыз емеспіз. Жіберілген қаржы ортадағы филиалда қалып қойды ма, ол жағы белгісіз. Соны анықтау үстіндеміз», - деді А.Бәкібаева.

Оның айтуынша, Түркия тарабы қазақстандық туристерді қабылдамайтынын алдын-ала айтуы керек еді.

Қазір «Almaz Tourism» ЖШС мен «Трэк тревел» компаниясының Алматыдағы өкілдігі арасында қаржылық тексеру жүріп жатыр. Іске қаржы полициясы, прокуратура кіріскен.

Естеріңізге сала кетейік, Антальяға демалуға кеткен бірнеше турист қонақ үйлерінен еркінен тыс шығуға мәжбүр болған. Кейін белгілі болғандай, мәселе екі туристік оператордың қаржылық кикілжіңінде болып шықты. Түріктер қонақ үй ақысы төленбегендігін алға тартса, отандық туроператор олардың алдында қарызымыз жоқ деп отыр.

Қазір оқиға салдарынан 47 турист Түркияда сандалып жүр. Ал, ұшуы тиіс 10 адам Антальяға аттанбайтын болды.

Соңғы жаңалықтар