Алмаз Ибрагимов Елбасыға бір отбасын қалай бақытқа кенелткенін айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігер-репродуктор Алмаз Ибрагимов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бір отбасын қалай бақытқа кенелткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды медицина академиясын оқып жүргенімде жақсы хирург болуды армандадым. Бірақ, соңғы курста жас отбасымен бірге пәтер жалдап тұрған еді. Жарасымды жас отбасының проблемасы бар еді. Үйленгендеріне 3 жыл өтсе де олардың балаларды жоқ болатын. Мен олармен 2 жыл тұрып, дәрігерлерге қалай барып тексерілгендігін, емделгенін көрдім. Бірақ, нәтиже болмады. Сол кезде оларға көмектескім келді», - деді Алмаз Ибрагимов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпаздарымен кездесуі шарасында.

Оның атап өтуінше, дәл осы оқиға бедеулік мәселесін зерттеуіне түрткі болған. Сонымен қатар, Сеченов атындағы Мәскеу медицина академиясына оқуға түсуге итермелеген. Мәскеу академиясын бітіріп келген Алмаз «Экомед» бедеулікті емдеумен айналысатын арнайы клиникаға жұмысқа тұрған. Еуропада, АҚШ-та білімін жетілдірген.

«Дәрігер-репродукторға айналдым. Бүгінгі күні «Астана Экомедтегі» әріптестермен бірге еңбегімнің арқасында 5 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Қазір күн сайын 1-2 бала дүние есігін ашады», - деді ол.

Сонымен қатар ол Қазақстан өңірлерінде 9 филиалы бар «Экомед» компаниясының арқасында 12 мың бала дүниеге келгенін айтты.

«Айтпақшы, Нұрсұлтан Әбішұлы, жоғарыда айтқан жас отбасының тарихын айтсам деп едім. Бірнеше жыл өткеннен кейін оларды таптым, жастары 40-қа келіп қалған. Оларға көмек көрсете алам ба деген үлкен мәселе тұрды... Дегенмен, тәуекелге бардым және қолымнан келді. Қазір олардың отбасына 7 жастар сүйкімді қыз өсіп келеді»,- деді дәрігер.

Соңғы жаңалықтар