«Алматытелеком» басшысы бір сағатқа диспетчер пультына отырды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматытелеком» ҚТО бас директоры бір сағатқа Байланысу орталығының «160» қызметі диспетчерінің орнын алмастырды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

«160» қызметінде барлығы 53 маман жұмыс істейді, оның ішінде 50 маман абоненттерге қызмет көрсетеді. Күніне орташа есеппен телекоммуникация қызметтерін қосу мен төлем жүргізу, сонымен бірге түрлі кеңестер мен ақпараттар алу үшін 5000 аса қоңырау түседі. Бір жұмыс күнінде Байланысу орталығының операторы 150 абонентке қызмет көрсетеді.

Қалалық телекоммуникация орталығының бірінші басшысының айтуынша, осындай жаңа тәжірибе аталған жұмыстың көптеген мәселелері мен қыр-сырын білуге көмектесті.

«Байланысу орталығының ұжымы күнделікті болып жатқан барлық жағдайларды білуге, кез келген мәселелерге жауап беруге және абоненттерді мұқият тыңдап, дұрыс ақпарат беріп, көмектесулері тиіс. Бұл - өте маңызды жауапкершілік», - деп атап көрсетті бас директор Шерхан Раздықов.

«Алматытелеком» қалалық телекоммуникация орталығы - қосылыстың түрлі арналары (телефон, Skipe, ICQ, электронды пошта) арқылы клиенттер мен компания арасындағы үзіліссіз байланысты жүзеге асыратын, өтініштерді өңдеудің ең ірі орталығы. Сондықтан клиентке жылы көзқарас, ынтымақтастыққа қызығушылық, жалпы адами қарым-қатынас - бұл жұмыстың негізгі белгісі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар