ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Алматының жолаушылар тасымалы саласында қылмыстық топтар ақша жинап тұрған - Б. Байбек

2016 жылғы 26 қаңтар, 12:24
Алматының жолаушылар тасымалы саласында қылмыстық топтар ақша жинап тұрған - Б. Байбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Оңай" жүйесі енгізілмей тұрған кезде, Алматының жолаушылар тасымалы саласында қылмыстық топтар ақша жинап тұрған. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.

"Оңай" жүйесіне келетін болсақ, неліктен бізге ашықтық қажет болды?! Компаниялар, жүргізушілер келісіп отыр. Онда тіпті қылмыстық топтар да бар. Олар, белгілі болғанындай, ақша жинап отырған. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз. Ашықтық жоқ жерде жемқорлық дамиды. Елбасы айтқандай, жемқорлыққа біз қатаң шаралар жасауымыз қажет және Алматы қаласы осы мәселеде үлгі көрсетуі тиіс. Себебі Алматы дамуының бір ғана резерві ол 5 институционалды реформаны жүзеге асыру. Егер біз сол 8 заңды енгізетін болсақ, жергілікті мемлекеттік органдар керек емес анықтама қағаздарын ойлап табуды доғарып, проблема шығарып, оны шешумен айналыспайтын болады. Сол кезде барлығы жақсы болады деп санаймын", - деді ол.

Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

https://www.inform.kz/kz/almatynyn-zholaushylar-tasymaly-salasynda-kylmystyk-toptar-aksha-zhinap-turgan-b-baybek_a2863940
https://www.inform.kz/kz/almatynyn-zholaushylar-tasymaly-salasynda-kylmystyk-toptar-aksha-zhinap-turgan-b-baybek_a2863940