Алматының Жетісу ауданында суық су болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ертең Жетісу ауданында бірнеше сағат суық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан сілтеме жасап.

28 шілде сағат 09:00-ден 19:30-ға дейін су құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланыста Айнабұлақ ықшамауданында уақытша суық су болмайды. Бұл учаскеде жабдықтар ауыстырылады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік сала нысандарына су тапсырыспен жеткізілетін болады.

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар