Алматының Жетісу ауданында 5 млрд теңгеге инвестжобалар жүзеге асады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жетісу ауданында құны 5 млрд 610 мың теңге болатын 5 инвестициялық жоба жүзеге асады. Бұл туралы аудан әкімі Мұхтар Тәжібаевтың халықпен есепті кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр аудан экономикасына 45,6 млрд теңге инвестиция салынған. Ал биыл тартылатын қаражат 5 есе көп болмақ.

«2018 жылы ауданда жалпы құны 1 млрд 761 млн теңге болатын 6 жоба «KBS Engineering» ЖШС, «Хлебзавод №7» ЖШС, «Кислород Азок» ЖШС, «Компания Камертон» ЖШС, «Адельфи» және «Келет» АҚ-та іске асқан болатын. Биыл құны 5 млрд 610 млн теңге болатын 5 жоба жүзеге асады. Бұл жобалар «ASIAPACK» ЖШС, «Швейная фирма Семирамида» ЖШС, «Корпорация Держава» ЖШС, «Serebroprofit» ЖШС пен «Нұртау-А» ЖШС-ларында іске асатын болады», - деді аудан әкімі есепті кездесуінде Мұхтар Тәжібаев.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылы «Кәсіпкерлік пен тиімді жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 33 кәсіпкер - 516,6 млн теңге көлемінде, 6 кәсіпкер ШОБ қаржыландыру бағдарламасы бойынша 431 млн теңге көлемінде несие алды.

«2015-2019 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бағдарламасы бойынша 24 кәсіпкер 10 млрд теңге несие алып, 1600 жұмыс орнын құрды.

Айта кету керек, Жетісу ауданында 165 мың адам тұрады. Мұнда 46 ірі, 117 орта, 6027 шағын кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар