Алматының жедел жәрдем қызметіне жаңа көліктер берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Конституция күні қарсаңында медициналық жедел жәрдем қызметінің автопаркі 28 жаңа автомобильмен толықты. Көлік кілттерін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі жедел жәрдем қызметінің ұжымын алдағы Конституция күнімен құттықтап, денсаулық сақтау әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Дер кезінде медициналық жедел көмек көрсету үшін қалада барлық жағдайлардың жасалатынын айтты.

«Медициналық қызметті техникалық жарықтандыру жалғасатын болады. Соның ішінде жедел жәрдем бригадасы да бар. Біздің міндетіміз – жедел жәрдем дәрігерлері үшін барлық жағдайларды жасау және «алтын уақыт» ережесін сақтау, жедел көмек көрсету», - деді Б. Сағынтаев.

Қазіргі кезде жедел жәрдем қызметінде 3874 адам жұмыс істейді. 177 жедел жәрдем бригадасы мен 265 автомобиль бар. Қызмет құрамында 11 қосалқы станция мен 3 автоколонна, 2 автокөлікке май құю бекеттері жұмыс істейді.

2018 жылы медиктер бригадасы 1,7 млн шақырылымға қызмет көрсетті. Шақырылымның орташа саны күніне - 300. Биылғы сатып алынған автомобильдер саны көп. Ал, 2017-2018 жылдары жылына 15-17 көліктен алынатын.

Барлық көліктер Денсаулық сақтау министрлігі жасаған стандарттарға сай және заманауи құралдармен жабдықталған. Олардың ішінде дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпенің жасанды вентиляциясының аппараттары, оттегі баллондары бар.



Соңғы жаңалықтар