Алматының жедел жәрдем қызметін модернизациялау мәселесі талқыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров KazMedConsult компаниясының директоры Кевин Фрикпен жедел медициналық көмек қызметін модернизациялау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел жәрдемді модернизациялау жобасы медициналық көмек көрсетуге халықаралық стандартты енгізуді жобалайды. Бұдан өзге, диспетчерлік қызметті модернизациялау, сонымен қатар сараптама мен Big data өндеуінің негізінде процестің сапасын арттыру құралдарын қолдану жайы талқыланды.

Жедел қызметті модернизациялау ауруханаға жатқызудан бастап емдеуге дейінгі кезеңдердегі медициналық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Сапалы медициналық қызметтер – Алматыны дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл мәселеге ерекше назар аударады. Оның тапсырмасы бойынша біз барлық медициналық мекемелерге аудит жүргіздік, нәтижесінде қала ауруханалары мен емханаларының жоғары нүктелі құралдармен жабдықталуы 60% жуық екені анықталды», — дейді Ержан Бабақұмаров.

Сонымен қатар, ол 2022 жылдың соңына дейін қала медмекемелерінің жабдықталуы кем дегенде 90% құрайтынын атап өтті.

Кевин Фриктің денсаулық сақтау саласында, консталтингте, стратегиялық дамуда және бизнесті дамытуда көпжылдық менеджерлік тәжірибесі бар.

Соңғы жаңалықтар