+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Алматының Жайлы қалалық орта басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылғы 18 қыркүйек 16:36
Бөлісіңіз:
Алматының Жайлы қалалық орта басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімінің өкімімен Қуандық Айтмағанбетов Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Атырау» футбол клубына жаңа бапкер келді Ақтөбеде баспасөз хатшысы судья болды Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар болды

Қуандық Айтмағанбетов 1980 жылы 8 сәуірде туған. 2002 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, 2013 жылы Орталық Қазақстан академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласы Абаттандыру басқармасының жол жұмысшысы болып бастаған. 2002-2016 жылдар аралығында «Қалкоммуншар» МКК жөндеу-құрылыс басқармасының прорабы, «Астанақұрылысинжиниринг» ЖШС жетекші инженері, Астана қаласы Құрылыс департаментінің инженер-құрылысшы міндетін атқарушы болған.

2008-2016 жылдар аралығында Астана қаласының Құрылыс басқармасында талдау бөлімінің бас маманы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жыл аралығында Алматы қаласының Құрылыс басқармасында жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдан жаңа тағайындауға дейін Алматы қаласы Жайлы орта басқармасы басшысының орынбасары болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT