Алматының жалпы өңірлік өнімі алғаш рет 8 трлн. теңгеден асады - А. Есімов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда инфляция деңгейі 7 пайыздан аспайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

«Биылғы жыл Алматы үшін табысты болды, яғни әлеуметтік-экономикалық барлық көрсеткіштер мен салалар бойынша қарқынды өсім байқалды. Негізгі көрсеткіштерге тоқталсақ, қаланың жалпы өңірлік өнімі алғаш рет 8 трлн. теңгеден асатын болады. Бұл тұрғыда өсім 6,3 пайызды қамтып отыр»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, шаһардың нақты бюджет көлемі 356 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 50 млрд. теңгеге артты. «Инфляция деңгейі 7 пайыздан аспайды. 11айдың қорытындысы бойынша, оның деңгейі 6,4 пайызға теңесті»,-деді А. Есімов.

Атап айтқанда, Алматы - республикалық бюджеттің басты донорларының бірі, яғни қала салық түсімінің 27 пайызын береді. Сонымен қатар, қала еліміз бойынша жалпы өңірлік өнімнің 20 пайызын қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар