Алматының «Южный» саябағы бір ай ішінде жаңарады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Южный» саябағын аралап, қайта жаңғырту жұмыстарын бір ай ішінде аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Барлық жұмыстар бір ай ішінде сапалы аяқталуы тиіс. Бұл саябаққа тек осы аудан ғана емес, өзге ауданның тұрғындары да серуендеп, демалуға келеді», - деді Бауыржан Байбек. 

Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігінде орналасқан саябақ 14,2 га аумақты алып жатыр. 

Қазір саябаққа қырлы кеспетас төселіп, 14 шақырым жерді суаратын су құбыры тартылуда. Келесі аптадан бастап жарық көздерінің 180 бағанасы орнатылады. Аудан тұрғындарының тілегі бойынша көше жиһазы, стационарлы дәретхана тұрғызылып, ит кіріп кетпес үшін саябақ сыртына қоршау қойылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін мегаполис әкімі жөндеу жұмыстарын тұрғындардың талаптарын ескере отырып жүргізуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар