Алматының үздік мұғаліміне автокөлік кілті табысталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда орта білім беретін мекемелердің 100-ден астам мұғалімі арасында өткен «Ұстаз Мәртебесі - Ұлт Мерейі» қалалық конкурсының қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау нәтижесінде 100 мұғалімнің ішінен №159 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Ахметова топ жарды. Ол Алматының «Үздік мұғалімі» атанды.

Қала әкімі оған жаңадан ашылған №168 мектепте салтанатты түрде автомобиль кілтін табыстады.

Ал №140 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нұрғалы Нұрымбетовке отбасылық демалыстың жолдамасы берілді.

Бұлардан өзге бірқатар ұстаздарға дипломдар мен 500 және 300 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді. Ұстаздар арасында мұндай байқау өткізуді жергілікті кәсіпкер Мұрат Әділханов ұсынған. 

Ол «Туған жер» бағдарламасы аясында осы оқу мекемесін салып берген еді.

«Мемлекет басшысының қолдауы арқасында Алматыда 117 оқу орны салынды. Тек соңғы бес жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру мегаполисте 37%-ға немесе 27 млрд теңгеге өсті. Қазіргі кезде білім саласының инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Тек биылдың өзінде ғана құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Мен сіздерге барынша жауапты әрі қиын жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Ұстаздардың жұмыс сапасы оқушыларының түрлі байқауларда жеңімпаз атануымен және өздеріңіздің жеке кәсіби біліктіліктеріңізбен айқындалады», - деді  Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кету керке, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру барысында бюджет қаржысы есебінен қалада тағы да 8 жаңа мектеп салынады.
null 

Жыл басынан бері жаңарған әдіспен дәріс беруге көшкен Алматы мұғалімдерінің 70%-ының жалақысы 30%-ға өсті. Ұлттық тестілеуден өткен 1293 мұғалім 1 қыркүйектен бастап алғаш рет өздерінің қызметтік жалақысына 30-50%-ға дейін қосымша үстеме алатын болады.
null 

Бұдан өзге, мемлекет ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге қолдау көрсетуде. Биыл міне, екінші жыл физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға өздерінің қызметтік жалақысының үстіне 200%-дық көлемде қосымша ақы төленеді.
null 

Соңғы жаңалықтар