Алматының үш ауданында суық су болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Медеу, Алмалы, Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

«29 наурызда сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Медеу аймағында Байжанов - Қажымұқан - Назарбаев көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандар суық судан ажыратылады»,– деп хабарлайды «Алматы су».

Сонымен қатар, 31 наурыз күні таңғы 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге Алмалы ауданына қарасты Құрманғазы - Шевченко - Наурызбай батыр – Сейфуллин көшесіндегі үйлерде суық су болмайды. Сәуірдің бірі күні - Мақатаев - Райымбек - Желтоқсан – Сейфуллин көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға суық су беру тоқтатылады.

«1 сәуір күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан Райымбек - Сейфуллин – Тобаяқов (Теміржол вокзалы) - Абылай хан көшесінің бойындағы үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру шектеледі»,– делінген хабарламада.

Судың берілмеу себебі жаңа су құбыры желісінің қосылуына байланысты. Денсаулық сақтау, білім беру және өзге де әлеуметтік сала ғимараттарына су автоцистерналармен жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар