Алматының Түрксіб ауданында ыстық су болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Түрксіб ауданында ыстық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су уақытша тоқтатылады.

2021 жылдың 31 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында мына көшелерде ыстық су тоқтатылады:

Монтажная – Баймағамбетов – Федосеев;

Қазақпаев – Кожедуба – Сүйінбай – Белякова;

Орджоникидзе – Хабарвоская – Таштитов – Свердлов;

Щелково – Элеваторская – Сүйінбай.

Компанияның мәліметінше, шектеулер қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліген.


Соңғы жаңалықтар