Алматының Түрксіб ауданында бір ай бойы ыстық су болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру бір айға тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, 2021 жылдың 14 маусымы мен 12 шілде аралығында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су тоқтатылады.

Мына көшелерде ыстық су болмайды:

– Ахметов – Закарпатская;

– Калмаржын – Огарёва;

Компанияның мәліметінше, шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты енгізілген.

Нақтырақ айтқанда, «Әуежай» жылу қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар