Алматының Түрксіб ауданында 82 көшенің атауы жоқ

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Түрксіб ауданында атаусыз 82 көше бар. Бұл туралы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімімен кездесуге арнайы келген тұрғындардың бірі атауы жоқ көшелерге қатысты мәселені көтерді. «Қайрат» шағын ауданында көптеген көшенің атауы жоқ, соған атау беріле ме?» - деп сұрады тұрғын.

Ерболат Досаев атаусыз көшелерге көрнекті тұлғалардың есімін беру мәселесі келер жылы қарастырылатынын айтты.

«Түрксіб ауданында 82 көшеде атау жоқ. Келер жылы қаңтар айынан бастап ономастикалық комиссиямен келісіп, атаусыз көшелерге көрнекті тұлғалардың есімін беру мәселесін қарастырамыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар