Алматының Түрксіб ауданында 2 үлкен саябақ салынып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Түрксіб ауданында тұру жайлылығын жақсарту үшін саябақтар мен скверлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауданы 46 гектардан асатын 2 ауқымды парктің құрылысы жүріп жатыр. Әуежай ауданында ашылатын «Аспан» паркінің аумағы – 15 га. Сонымен қатар, Маяк тоғайы абаттандырылып жатыр. Ол – 31 га. Нысандар желтоқсан айында пайдалануға беріледі», - деді Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде.

Сонымен қатар, тұрғындардың ұсынысы бойынша шілде айынан бастап «Әуежай даңқы» сквері және №6 оқушылар үйінің жанындағы гүлзар абаттандырылып жатқанын атап өтті.

«Онда сыртқы жарық желілерін, жасыл аймақтарды суару жүйесін, орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнату көзделген. Жұмыс 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады», - деді қала басшысы.


Соңғы жаңалықтар