Алматының Түрксіб ауданында 13 ескі үй бұзылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Түрксіб ауданында 594 үй реновациялауды қажет етеді. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, алдағы уақытта екі қабатты 13 ескі үйді бұзу жоспарда тұр.

«Ауданның көппәтерлі тұрғын үй қорында 1229 үй бар. Оның ішінде реновацияны талап ететін ескі үйлер саны – 594. Қазіргі уақытта Сауранбаев - Спартак - Чернышевский - Ақынов көшелерінің квадратында 13 ескі екі қабатты тұрғын үйді, барлығы 201 пәтерді бұзу жоспарда тұр. Аталған учаскеде 856 пәтерлі 40 бес қабатты тұрғын үй салынады», - деді Наиль Лебаев.

Сонымен қатар, ол былтыр 3 көпқабатты үйдің (62 пәтер) құрылысы аяқталғанын атап өтті.

Екі қабатты үш үй бұзылып, олардың орнына 7 бес қабатты үйдің (152 пәтер) құрылысы басталды. Жұмыстарды 2023 жылдың 2-тоқсанында аяқтау көзделген.

«QazaqStroy жеке инвесторымен Сейфуллин, Кассин, Котельников көшелерінің квадратында 30 сегіз пәтерлі ескі үйлерді реновациялау басталды. Аталған учаскеде 27 алты қабатты үй (820 пәтер) салынады. Қазірде 114 пәтерлік 2 үй салынып, пайдалануға берілді.2021 жылы «АгроСпецСтрой» мердігерлік ұйымымен Осипенко көшесінде 59 пәтерлі бір көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, нысанды тапсыру мерзімі – 2022 жылдың 4-ші тоқсаны»,- деп атап өтті Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданында «ТКШ модернизациялау» бағдарламасы жүзеге асырылуда, 8 көпқабатты үй жөнделді. Сондай-ақ, 2017-2022 жылдар аралығында 543 аула абаттандырылды.

Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото




Соңғы жаңалықтар