Алматының Түрксіб ауданында 10 мыңға жуық үй орталық су жүйесіне қосылмаған

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түрксіб ауданында ұзындығы 11 шақырым су құбыры қалпына келтірілді. Бұл туралы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздермен ақпан айында кездескенімізде Баймағамбетов – Шемякин – Коминтерн – Айтықов көшелерінің бөлігіндегі жұмыс істемейтін су құбыры және канализация желісін Алматы судың балансына беру туралы мәселе көтерілген еді. Бүгінгі таңда ұзындығы 11 км желі қалпына келтірілді. Оған қоса осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін 3 канализациялық сорғы стансасының құрылысы аяқталады»,- деді шаһар басшысы.

Нәтижесінде жыл соңына дейін осы шағын учаскедегі 1 мың үйді орталық су желісіне, ал келесі жылы су бұру желісіне қосуға мүмкіндік пайда болады.


«Жас қанат» және «Шуақты» шағынаудандарында инженерлік желілерді І тоқсанда, «Нижняя пятилетка» шағынауданында 2023 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған.

Бұл осы шағынаудандардың 20 мыңнан астам тұрғынына (20 150 адам, 5,5 мың үй) орталық коммуникацияларға қосылуға мүмкіндік алады.

Жұмыс жүргізілгеннен кейін жол жабыны қалпына келеді.

Айтуынша, бүгінгі таңда Түрксіб ауданында әлі де орталық сумен қамту және су бұру желілеріне қосылмаған 9 500 үй бар.

«Қазір бұл үйлер бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды. Құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін 2024 жылы жұмысты бастаймыз»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар