Алматының тергеу оқшаулағышындағы жағдайға қатысты түсінік берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының тергеу оқшаулағышында отырғандар жедел-респираторлық вирустық инфекция белгілеріне шағымдана бастаған. Бұған қатысты ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 7 маусым күні Алматы қаласының тергеу оқшаулағышында отырған 7 адам денсаулықтарының нашарлап кетуіне байланысты шағым түсірген.

«Жедел жәрдем бригадасы дереу шақырылды. Аталған тұлғалар медициналық мекемеге жеткізілді. Ол жерде дәрігерлер тергеу барысына сотталғандарды тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсетті. ЖРВИ белгісі бар тергеудегілер қлмыстық атқару жүйесі мекемелерінің инфекциялық оқшаулағышына орналастырылды. Барлығынан ПТР-тест алынды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық», - деп атап өтеді комитеттен.


Соңғы жаңалықтар