Алматының теміржол вокзалдары қаланың коммуналдық меншігіне өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1 шілдеден бастап Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктен хабарланғандай, бұл бағыттағы қадам вокзалдарды мегаполистің көліктік инфрақұрылымының бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Аталмыш нысандардың әкімдік меншігіне өту себебінің бірі - вокзалдардың күрделі жөндеуді қажет етуінде. Күрделі жөндеуден өткен жағдайда нысандардың жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі артып, оларға жайлы жағдай жасауға жол ашады.

Алматы-1 вокзалын күрделі жөндеу арқылы заманға сай конкорсты және жер асты өту жолдарын кеңейту, эскалаторларды орнату көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, қала әкімінің тапсырмасымен Алматы-1 вокзалының күрделі жөндеуіне кететін шығын оңтайландырылған болатын. Сонымен қатар, нысанның дизайнына арналған шығын да қысқартылған. Вокзалдардың дизайны заман талабына сай жасалмақ.

Соңғы жаңалықтар