Алматының Тастақ базарындағы құрылыс дүкені өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тастақ базарының маңынан басталған өрт санитарлық техника дүкеніне ұласқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

«Бастапқыда аздап түтін шықты. Сəлден соң қоюлана бастады. Сосын пластмасса еріп, лапылдап жанды. Ішінде ешкім жоқ»,-деді куəгерлердің бірі.

Оқиға куəгерлерінің айтуынша, өртенген ғимаратта құрылыс заттарынан бөлек азық-түлік пен санитарлық техника дүкені орналасқан. Қазір көшені полиция торуылдап жүр. Оқиға орнында 5 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеуде.

nullnull

Соңғы жаңалықтар