Алматының тарихи келбетін сақтау: Орталықта 69 үйдің қасбеті жөнделді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Архат Омаров өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингіде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланың тарихи ғимараттарының келбетін сақтау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл көппәтерлі үйлердің 69 қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы Алмалы ауданында 50 үйдің қасбетін жөндеу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мәдени ортаны дамыту мақсатында Жазушылар Одағының ғимаратын жөндеу, № 4 кітапхана мен Чехов атындағы қалалық кітапхананы жаңғырту жұмыстары аяқталды.

«Абылай хан даңғылында орналасқан Жазушылар Одағының тарихи ғимараты бойынша жұмыстар 2019 жылы басталды. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар 100% аяқталды. Күрделі жөндеу жұмыстары аясында шатыр, желі және ішкі әрлеу толығымен жөнделді», - деді Архат Омаров.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Алматы қаласының әкімдігіне инфрақұрылымды жаңғырту мәселесін шешкені үшін алғыс білдірген еді. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары Жазушылар үйінің негізгі ғимаратында да, мәжіліс залында да жүргізілген.


Соңғы жаңалықтар