Алматының тағы екі көшесіне автобусқа арналған жолақтар енгізеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қалалық жолаушылар және автокөлік жолдары басқармасы Желтоқсан мен Наурызбай көшелеріне арнайы автокөлік жолақтарын жүргізу жұмысының аяқталғанын хабарлайды.

 Бұл жолдардың бір бағытқа арналған ұзындығы 3,2 және 3,6 км құрайды.

Жол жүру жолақтары қала тұрғындарының игілігіне, діттеген жерлеріне еш кедергісіз жетуге және жолдардың ұзақтығын қысқартса, Желтоқсан мен Наурызбай және Райымбек пен Абай даңғылында жол қозғалысын жақсартады.    

Айта кетсек, мұндай жолақтар алғаш 2015 жылы Абай даңғылы мен Шығыс айналма жолында сынақтан өткен болатын. Қазіргі таңда, ол жерлерде жол қозғалысы жақсарып, тиімділігін көрсетуде.

Желтоқсан мен Наурызбай көшелеріндегі жолақтар, 10 тамыздан бастап пайдалануға беріледі. 

Соңғы жаңалықтар