Алматының судьясы алаяқтық үшін жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі алаяқтық жасаған судьяны ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, Алматы қаласы Әуезов аудандық сот судьясының алаяқтық әрекеті әшкереленді.

«Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, өз өнідірісіне жатпайтын азаматтық істер бойынша арест салынған жылжымайтын мүлік ауыртпалығын алып тастаймын деген. Осы мәселені шешу үшін алдау жолымен жеке тұлғадан 10 мың АҚШ доллары сомасында ақша алғаны үшін күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда», - деді А.Бердалин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін агенттік Маңғыстау облысының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының қамауға алынғанын жариялады. Ол мемлекет мүддесіне 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірген. Бұдан бөлек, ағайынды Рысқалиевтердің сыбайласы қамауға алынды. Қызылордада облыстық басқарма басшысының орынбасары экстремизмге қарсы шараларға бөлінген бюджет қаржысын жымқырған. Ал Степногор қаласында қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы парамен ұсталды.

Соңғы жаңалықтар