Алматының солтүстік бөлігіне суық су берілді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматының бірқатар аудандарында Талғар су таратқышын жөндеуге байланысты суық су беру уақытша тоқтатылған еді. Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандарына жоспарланған мерзімнен бұрын толық көлемде су берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі. 

«Кеше кешқұрым белгіленген жүйемен су беріле бастады. Күндіз-түні жүргізілген жөндеу жұмыстарына 28 жұмысшы қатысты. Бригада дәнекерлеуші және сорғы құралдары сияқты арнайы техникалармен жұмыс істеді» делінген «Алматы су» МКК баспасөз қызметі тартқан хабарламада. 

Қаланың бас су таратқышында 50 жылдан бері тұрған ілмекті-реттеуіш арматурды ауыстыру су жүйесін басқаруды жеңілдетіп, қаланың солтүстік және батыс аумақтарын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

 

Соңғы жаңалықтар