+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматының шеткі аймақтарында 100 шақырым жаңа жол салынады

2020 жылғы 11 тамыз 22:09
Бөлісіңіз:
Алматының  шеткі аймақтарында 100 шақырым жаңа жол салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен Алматының шеткі аумақтарында 111 шақырым жаңа жол пайда болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Мобильділік басқарма басшысының орынбасары Ернұр Абжахан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шеткі аумақтар бойынша 200 шақырым жолдың негізгі бөлігіне,яғни шамамен 50%-дан астамына орташа жөндеу жүрігізілді. Ол Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандары. Бұрын қатты жабынды болмаған шағын аудандарда жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған ЖСҚ жүзеге асырылғаннан кейін шамамен 111 шақырым жаңа жол пайда болады», – деді Ернұр Абжахан .

Жалпы ағымдағы жылы ұзындығы 47,4 шақырымды құрайтын 177 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде,оның ішінде112 көше бойынша ұзындығы 18,6 шақырым жаңа жолдың құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін қалған 65 көше пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар,жол инфрақұрылымының сапасына қатысты сұрақтар бойынша қала тұрғындары 1308 номері бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауға жүгіне алады, болмаса әлеуметтік желілердегі Алматы қаласының қалалық Мобильділік басқармасының аккаунттарына хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT