Алматының шеткі аудандарында жаңа саябақтар ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл қалада жаңа саябақтар пайда болады, қолда бар скверлер абаттандырылып, су бұрқақтар қалпына келтіріледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда аудандарды абаттандырудың арқасында халық демалатын жаңа орындар пайда болады.

«Абай атындағы опера театрының жанындағы скверлерде абаттандыру жұмыстары басталды – қазір гранит басқыштар мен бордюрлер алынып тасталды. Олар құрылыс жұмыстары кезінде жарықшақтар немесе басқа зақымдардың алдын алу үшін салынған. «Сұңқар» мердігерлік ұйымы плиткалардың негізін дайындау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Содан кейін гранит плиткалары құм төсеу арқылы тазартылады. Олар қалпына келтірілгеннен кейін орнына қайта салынады», - деді Наталья Ливинская.

Сонымен қатар, ол «Неделька» су бұрқағының жанындағы шамдарға демонтаж жүргізілетінің жеткізді. Алматылықтардың сүйікті скверінің тарихи келбеті сақталады.

«Жаңа Алматы аудандарында жаңа саябақ аймақтары пайда болады. Мысалы, «Зерделі» ықшам ауданында, Боралдай өзені арнасының бойында, «Өжет» ықшам ауданындағы тоғанның бойында, Алатау ауданы «Көкмайса» ықшам ауданында жаңадан қоғамдық кеңістік құрылады»,-деді ол.

Наталья Ливинская Кіші Алматы және Есентай өзені арналарындағы құрылыс жұмыстары туралы айтты.

«Есентай өзені арнасының Жамақаев көшесінен бастап ұзындығы 4,2 шақырым су бөлгішке дейінгі су қорғау белдеуінің учаскесін қайта жаңарту жалғасуда. Кейбір учаскелерде нөсер жаңбырдың салдарынан габиондық құрылыстар құлады. Бәрі қайта қалпына келтіріледі», - деді Жасыл экономика басқармасының басшысы.


Соңғы жаңалықтар