Алматының Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстары басталды

None
Фото: gov.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы бойымен Рысқұлов даңғылынан Алматы-1 теміржол вокзалына дейін ұзындығы 5,6 км жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары басталды, троуарлардың жеке бөліктері көлік қозғалысын шектемей жөнделуде.

«Сейфуллин даңғылының алдыңғы орташа жөндеуі 2010 жылы жүргізілген. Алматының жол-климаттық аймағын ескере отырып, Сейфуллин даңғылын жөндеу аралығы 5 жыл. Осыған байланысты тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымының өкілдерімен тексеру жүргізілді. Зерттеу барысында шұңқырлар мен жарықтар анықталды. Техникалық қорытынды негізінде Сейфуллин даңғылын орташа жөндеу жоспарына қосу туралы шешім қабылданды»,- деп хабарлады басқармадан.

Ведомство өкілдері келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар