Алматының «Сергек» камералары қандай ереже бұзу фактілерін тіркейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы полиция департаментінің қызметкерлері «Сергектің» қандай ереже бұзу фактілерін тіркейтінін түсіндірді, еп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Polisia.kz сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, интеллектуалды бейнебақылау жүйесі қиылыстың тура алдында жолақты қиып өтсеңіз, stoр-сызықтан асып тоқтасаңыз, автобусқа арналған жолақпен жүрсеңіз әреетіңізді түсіріп алып, ереже бұзу фактісі ретінде тіркейді.

«Сондай-ақ, «Сергек» камералары жылдамдық режимінің асып кетуін, көлік құралдарының бағдаршамның қызыл сигналына өтуін және дұрыс емес жерде тоқтауын анықтайды», - деп жазады Polisia.kz.

Ведомство түсіндірмесінде көлік иелеріне жолданатын электронды айыппұл түбіртегіне фактіні рәсімдеген қызметкер ЭЦҰ арқылы қол қоятыны айтылған.

«Бұдан әрі ереже бұзу туралы нұсқама көлік иелеріне екі тәсілмен – SMS және пошта арқылы келеді. Құқық бұзушы айыппұл туралы хабарлама алғаннан кейін 7 күн ішінде соманың жартысын төлей алады. Ерікті түрде төлемеген жағдайда, хабарлама алған сәттен бастап 30 күн өткен соң, материал ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 894-бабы бойынша мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі» - дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Оның айтуынша, ереже бұзу фактісінің хаттамасымен Egov.Kz және Qamqor.gov.kz. ресурстары арқылы таныспыз, айыппұлдарды өзіңізге ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады. Мысалы, электрондық үкімет порталындағы онлайн, банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, мобильді қосымшалар арқылы (Kaspi.kz, HalykBank, Kassa24, Handypay, Homebank, Қазпошта, Колеса) өтеуге болады.

«Айыппұлдан алынған қаражаттың бәрі қала бюджетіне түседі», - деп жазады ақпарат ресурсы.


Соңғы жаңалықтар