
15:44
АСТАНА.ҚазАқпарат - Алматы қаласының сел жүруі салдарынан зардап шеккен аудандарда апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлайды.
Апаттық-құтқару жұмыстарына Алматы қалалық ТЖ, ІІД, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі аймақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, аумақтық мемлекеттік органдар, қатыстырылған ұйымдар мен еріктілер жұмылдырылған.