+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды вакцина алуға шақырды

2021 жылғы 20 қыркүйек 20:13
Бөлісіңіз:
Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды вакцина алуға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда эпидемиологиялық жағдайы әлі де тұрақсыз. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Медицинада жасанды интеллект кеңінен қолданыла бастады- дәрігер Болат Тайбеков: Шұғыл медициналық көмек - 70% өлім жағдайының алдын алады 8 өңірде мүгедектігі бар балаларды оңалту орталықтары ашылады

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, инфекциялық стационарларда 2775 науқас жатыр. Оның ішінде 109 бала.

Жансақтау бөлімінде – 266 науқас жатыр.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5723 пациент бар.

«Вакциналанбаған тұрғындар қауіп аймағында тұр, сондықтан COVID-19-ға қарсы профилактикалық вакцинаны алу қажет. Әсіресе 60 жастан асқан тұрғындардың алғаны жөн, өйткені олардың арасында дерт жұқтырғандар 12%-ды құрайды. 20-39 жас аралығындары қала тұрғындары да қауіп аймағында. Осы санаттағы дерт жұқтырғандар 28%-ға жетті. 45-50 жас аралығында КВИ жұқтырғандар саны 24%-дан астам»,- деп хабарлады департаменттен.

Пандемия кезінде жеке қорғаныс шараларын сақтау маңызды, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде, жабық бөлмелерде, бетперде тағу қажет.

Эпидемиологиялық зерттеулері бойынша Алматыда дерт жұқтыратын негізгі орындар: отбасылық байланыс - 20,1%, сауда объектілері - 20,8%, оның ішінде базарлар - 9,1%, қоғамдық көліктер - 19,7%.

Жұқпалы аурулардың басталу маусымының алдында Алматы тұрғындары коронавирусқа қарсы вакциналанулары тиіс. Елдегі вакциналар жақсы зерттеуден өткендер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT